Қазақстандықтардың компьютерлік сауаттылығы 64 пайызды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың компьютерлік сауаттылығы 64 пайызды құрайды. Бүгін Сенатының жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, жиында «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. 
None
None

Құжат ақпараттандыру, мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Министрдің сөзіне қарағанда, құжат қазақстандық қоғамды ақпараттандыруды заманауи халықаралық стандарттарға жауап беретін ұйымдастырудың тиімді жүйесін енгізу жолымен одан әрі қамтамасыз етеді.

«Бұдан бөлек, «ашық үкімет» құру, халық арасында сандық технологияға сауаттылықты арттыру қарастырылады. Бұл ретте айта кетерлігі, 2014 жылы қазақстандықтардың компьютерлік сауаттылығы 64 пайызды құрады. Сонымен қатар, заң жобасымен «мобильдік тәуелділікті» болдырмау қарастырылып отыр. «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталын құру да көзделеді, онда елімізде жасалған барлық құқық бұзушылықтар қамтылады», - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау бюджеттік шығыстарды едәуір қысқартуға өз септігін тигізеді. Мемлекеттік функциялар мен қызметтер көрсетуді автоматтандыру нәтижесінде оны көрсету екі есеге қысқарады. Бұл ретте мәліметтер базасын сақтаудың заманауи технологиялары қолданылады.

«Тұтастай алғанда, заң күшіне енгеннен соң барлық мемлекеттік органдар құзыретіне халықтың «сандық технологияларға қатысты сауаттылығын арттыру» жұмыстары да кіреді. Яғни, бұл біздің жалпымемлекеттік ісімізге айналады», - деді Ә. Исекешев. 

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум