Қазақстандықтардың қонақжайлығына разы болдым – Тоқаевтан сұхбат алған қытайлық журналист

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаевтан сұхбат алған CCTV журналисі Ван Гуан ҚР Президенті Телерадиокешенінің редакторы Ұлпан Бегалинамен әңгімесінде қазақстандықтардың қонақжайлығы мен достық пейілінен алған әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған Астана қаласы өте ұнады. Қазақстандықтардың қонақжайлығы мен достық пейіліне разы болдым. Бұл – әртүрлі ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ел. Бұл – өте әсерлі», - деп атап өтті Ван Гуан.

«Бірнеше әлемдік көшбасшылардан сұхбат алу мен үшін үлкен мәртебе болды, бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мені қайран қалдырды. Ол басқа көшбасшылардан өте ерекшеленеді – ол тәртіптің адамы. Сұхбат алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы көптеген мақалалар мен кітаптарды ағылшын, қытай және орыс тілдерінде оқып шықтым», - деді CCTV журналисі.

Еске сала кетсек, 12 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берген еді.

Мемлекет басшысы бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.


Соңғы жаңалықтар