Қазақстандықтардың көпшілігі үшін қазіргі талаптар бойынша ипотекаға пәтер алу қиын болып тұр

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандықтардың көпшілігі үшін екінші деңгейдегі банктер тарапынна қойылып отырған қазіргі талаптар бойынша ипотекаға пәтер алу қиын болып тұр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстандағы қол жетімді тұрғын үй - қол жетімді ипотека: қалпына келтіру бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде ҚР Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов айтты.

Қазақстандықтардың көпшілігі үшін қазіргі талаптар бойынша ипотекаға пәтер алу қиын болып тұр

«Егер қазіргі кездегі ипотекалық несиелеу талаптарының жағдайын ескеретін болсақ, яғни 30 пайыздық бастапқы жарнаны, 16-18 пайыз жылдық ставканы төлеу талаптары халықтың көпшілігі үшін пәтер алуға мүмкіндік бермейді»,-деді Президент көмекшісі.

Атап айтқанда бұл мәселе бойынша мемлекеттік мамандандырылған институттар, Қазақстандық ипотекалық компаниясы, «Тұрғын үй жинақ банкі» алдына қойылған мақсаттарға толық көлемде қол жеткізе алмады. Б. Сұлтановтың пайымдауынша, бұл тұрғыда дағдарыс әсері, сондай-ақ несиелік және тұрғын үйге сұраныс кезіндегі бағаның күрт өсімі (2006-2007 жылдардағы) айтарлықтай тосқауыл болған секілді.