Қазақстандықтардың отандық сот саласына деген сенімі артып келеді - сауалнама

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өткізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 82,4 пайызы отандық сот саласына өз сенімін білдірді.

Осылайша, ел азаматтарының басым бөлігі бүгінде сотқа арыздардың әділ қаралатынына сенім білдіріп, судьялардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді. Сауалнаманың қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 82,4 пайызы отандық сот саласына сенімін білдіріп отыр.

Айта кеткен жөн,  Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өткізген сауалнама Қазақстанның 114 сотында жүргізілді. Оған 6 мыңға жуық респондент қатысты.

Соңғы жаңалықтар