Қазақстандықтардың Ресей аумағына кіру тәртібіне өзгеріс енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей қазақстандықтарға РФ азаматтығы бар туыстарына құрлық арқылы келуге рұқсат берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтардың Ресей аумағына кіру тәртібіне өзгеріс енгізілді

Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес, қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді.

Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.