Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті 10,8 пайызға төмендеді - Индустрия және сауда министрлігі

АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бөлшек сауда айналымы 1,6 триллион теңгені құрады.
None
None

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға аз. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 А.Қазыбаевтың атап көрсеткеніндей, қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің азаюымен сауда кәсіпорындарының белсенділігі де төмендей түскен. Бөлшек сауда айналымының ең көп төмендеу үрдісі республиканың екі ірі қаласында тіркелді. Мәселен, Астанада - 26 пайызға, Алматыда - 21 пайызға.

Сондай-ақ  өткен тоғыз айда көтерме сауда айналымы 4 триллион теңгені құрап, 7,8 пайызға төмендеді. «Бөлшек сауда айналымына қарағанда көтерме сауда айналымында айтарлықтай төмендеу үрдісі жоқ. Дегенмен, ай сайын жүргізілетін талдау нәтижесі, өткен қыркүйек айында бөлшек сауда айналымы тамыз айымен салыстырғанда 4 пайызға артқанын көрсетті. Қазақстан экономикасы қалпына келе бастағандықтан, 2009 жылдың төртінші тоқсанында бұл сектордағы қарқын жоғары болады деген сенімдеміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар