Қазақстандықтардың төрттен бірі ішімдікке әуес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы зерттеу жұмыстары қазақстандықтардың төрттен бірінің ішімдікке әуес екендігін көрсеткен. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту» Республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Ұлттық зерттеу орталығының зерттеу мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда жалпы халықтың 24 пайызы ішімдік ішеді», - дейді Айнұр Айыпханова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, еліміздегі әйелдердің 70 пайызы ішімдіктен бойын аулық ұстайды. Ал ер адамдардың арасында бұл мәселе өзектілігін әлі жоймай келеді. Ішімдікке құмарлық еліміздегі адамның өмір жасының ұзақтығына кері әсерін тигізуде. Сол себепті, денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді ретке келтіріп, халықтың саулығын қамтамасыз ету үшін Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бірқатар жұмыстарды қолға алған.

«Соңғы жылдары Қазақстанда қан айналымы бойынша өлім жітім 10 пайызға азайды. Туберкулезге шалдығу жағдайы да төмендеді. Бұның бәрі Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысының нәтижесі болып табылады», - дейді Айнұр Айыпханова.

Соңғы жаңалықтар