20:24, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандықтарға Әлия Назарбаеваның «Ояну» фильмі көрсетіледі
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасында Әлия Назарбаеваның «Ояну» фильмі көрсетіледі.
Адам баласы таңдаған жол - тығырыққа әкеп соғады. Әлемде азық-түлік пен табиғи таза ауызсудың жетіспеушілігі, қоршаған ортаның ластануы мен қаланың шамадан тыс толуы, климаттың өзгеруі сияқты мәселелердің күннен күнге маңызы артып келеді. «Ояну» фильмінің авторы Әлия Назарбаева өзінің әкесінің идеясын жалғастырып, Қазақстандағы экологиялық қоғамдық қозғалысты өз қамқорлығына алды.
«Ояну» фильмінің авторы Әлия Назарбаева қазақстандық жасыл бастамалардың халықаралық қоғамдастықта қолдауға ие болатынына сенеді.
Әлия Назарбаеваның «Ояну» фильмі 21 қазанда сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.