Қазақстандықтарға Филиппинде демалуға рұқсат берілді

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің Индустрия және жаңа технология комитеті азаматтардың Филиппинге баруды шектейтін талаптарын алып тастады.

Қазақстандықтарға Филиппинде демалуға рұқсат берілді

Халықаралық агенттіктердің ақпараты бойынша, Филиппинде «Хайян» тайфунынан кейін жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Осыған байланысты Индустрия және жаңа технология комитеті Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл елге сапарға шығуына рұқсат берді. Тек Лейте және Шығыс Самар аралдарына рұқсат берілген жоқ. Өйткені бұл аралдардың ахуалы әлі де болса қиын. Алайда Филлиппинде жалпыұлттық апаттық режім әлі алынбаған. Бұл елді аралағанда Боракай, Себу, Палаван және Бохоль аралдарындағы туристік аймақтарға шықпаған жөн, деп хабарлайды kaztrk.kz «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.