Қазақстандықтарға Кореяда заңды жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтары ауыл шаруашылығы саласында заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстік Кореяға 30 күнге визасыз кіру тәртібі жұмысқа орналасуды қарастырмайды. Сондықтан бұл елге жұмысқа орналастыруға жіберетін қазақстандық компаниялар заңсыз қызмет етеді, яғни осы шараларға оларда тиісті лицензия жоқ», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода

Осы орайда, ол бүгінде Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналастыру қадамдары қарастырылмағанын атап өтті. Алайда, қазіргі кезде қазақстандықтарды бұл елде жұмыспен қамту шаралары талқыланып жатыр.

«Қазіргі кезде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Оңтүстік Корея Үкіметімен Қазақстан азаматтары үшін аталған елдегі балық және ауыл шаруашылығы саласында маусымдық жұмыстардың мүмкіндігін пысықтауда. Бұдан басқалары екі елдің заңнамасын бұзу болып саналады», - деді А. Смадияров.

Соңғы жаңалықтар