Қазақстанға 12 желтоқсан күні шетелден келген 243 жолаушының ПЦР анықтамасы жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға 12 желтоқсанда ұшақпен келген жолаушылардың 85% ПЦР анықтама алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2020 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен Австрия, Ұлыбритания, Ресей, БАӘ, Беларусь, Түркия, Грузия, Өзбекстан, Египет пен Германиядан 13 халықаралық рейс келді.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында хабарланғандай, 1592 жолаушының 1349-ның ПЦР анықтамасы теріс нәтижелі. Мүлдем анықтамасыз келгендер саны 243.
Олардың ішінде:
Нұр-Сұлтан әуежайына 4 рейс, 465 жолаушы келіп, оның 406-да анықтама бар. 59-да анықтама жоқ.
Алматы әуежайына 9 рейс келіп, онда 1038 жолаушы болды. Олардың 887-нің анықтамасы бар, 33-інде анықтама жоқ.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарынан COVID-19-ға ПЦР анализ алынды. Қазіргі таңда олар өздерінің анализ нәтижелерін карантин стационарында күтіп жатыр.