Қазақстанға 13 ақпанда 15 халықаралық рейспен 2,5 мыңға жуық жолаушы келген
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - 13 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.
Аталған рейстерде 2 242 әуе жолаушы болды. Олардың ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 12 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.