Қазақстанға 13 маусым күні келген жолаушылардың барлығында анықтама болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 13 маусымында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Грузия, Украина, Түркия, Черногория, Ресей Федерациясы, Швейцария, Сербия, Германия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

Қазақстанға 13 маусым күні келген жолаушылардың барлығында анықтама болған

Өткен тәулікте 4 085 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 20 рейс, 2 537 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 118 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 13 жолаушы,

Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 133 жолаушы.

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 131 жолаушы.

Семей қаласының әуежайына - 1 рейс, 2 жолаушы.

Жезқазған қаласының әуежайына - 1 рейс, 3 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.