Қазақстанға 20 күннің ішінде 648 мың қырғыз келді - Көші-қон комитетінің төрағасы
АЛМАТЫ. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанға 20 күннің ішінде 648 мың қырғыз келді. Бұл кеше Алматыда өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Жогарку Кенешінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссиясының 1-ші отырысында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шетелдік азаматтардың ішінде Қазақстан тек қырғыздарға ғана 90 күнге дейін тіркелмей жүруге мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында 20 күннің ішінде ғана елімізге 648 мың қырғыз келген. Олардың кейбірі Қазақстан арқылы өзге елдерге жұмыс іздеуге барса, қалғаны еліміздің барлық өңірінде әртүрлі салада жұмыс жасап жүр», дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев. Оның айтуынша, тәуелсіз жылдары елімізге Қырғыз Республикасынан 7,5 мың қазақ көшіп келді. Қазір онда тағы 7-8 мың қандасымыз бар. Атажұртқа келем десе, келем десе жол ашық. Мемлекет тарапынан жасалатын жәрдемақы көмегі бар.