«Қазақстанға - 20 жас» балалар үйлері тәрбиеленушілері арасындағы өлең байқауының жеңімпаздары елордаға саяхат жасады

ТАНА. 4 тамыз.ҚазАқпарат - «Қазақстанға - 20 жас» балалар үйлері тәрбиеленушілері арасындағы аймақтық өлең байқауының жеңімпаздары елордаға саяхат жасады.

«Қазақстанға - 20 жас» балалар үйлері тәрбиеленушілері арасындағы өлең байқауының жеңімпаздары елордаға саяхат жасады

15 күнге созылған жыр мүшәйрасына түрлі ұлт өкілдерінің жас ақындары қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Самал» сауықтыру лагерінде демалды. Олардың ақындығын облысқа танымал ақындар, жазушылар, республиканың көрнекті қоғам қайраткерлері бағалады. Олардың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов те болды.

Кеше аталған шараны ұйымдастырушылар жыр мүшәйрасының қорытындысын шығарып, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан 300 жеткіншіктен үздік 20 ақынды таңдап алды. Жеңімпаздар, сондай-ақ олардың тәрбиешілері мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері арнайы автобус жалдап, елордаға саяхаттап келді.

Осыған орай бүгін аталған байқауды ұйымдастырушылар елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізу керек болатын. Дегенмен, шараны ұйымдастыруда кемшіліктер орын алып, баспасөз мәслихаты ашық алаңда өтті. «Біз бұл жайтқа қапаланбаймыз. Өйткені, балалар елордамыз Астанаға саяхат жасауға мүмкіндік алып отыр», - деді шымкенттік жеке кәсіпкер, іс-шараны ұйымдастырушы Нұрхан Тілегенов.