Қазақстанға үш АЭС керек – Сергей Агафонов

Қазақстанға 3 АЭС керек – Сергей Агафонов
Фото: storage.googleapis.com

Қазақстанға 3 атом электр стансасы керек. Бұл туралы Қазақстанның энергиямен жабдықтау ұйымдары қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«2035 жылға қарай барлық стансалардың белгіленген қуаты 40 гигаватт болады деген болжам бар. Қазіргі қолданыстағы қуат 19 гигават. 2035 жылға қарай шынымен де 40 гигаватт энергия алуға болады. Егер жалпыәлемдік үлес 2035-2040 жылдарға қарай 12 пайыз болса, онда бізде белгіленген қуат 4 800 мегаватт болуы тиіс», - деді ол атом энергетикасын дамыту мәселелеріне арналған бизнес-форум аясында.

Оның атап өтуінше, мұның өзі де елімізге қажетті электр энергиясын өндіруге жеткіліксіз.

«Сондықтан мамандардың есептеуі бойынша кемінде екі станса, ең дұрысы үш станса қажет. Оның бәрі Үлкен ауылында орналастырыла ма? Бұл мәселе талқыланады. Қалай дегенде де бізге кемінде 2 станса қажет. Бірақ өкінішке қарай 2035 жылға қарай бізде 2 станса болмайды. Ал жалпы елімізде АЭС үлесі жалпыәлемдік деңгейде – 12 пайыз болуы тиіс. Сонда елімізде тұрақты әрі тиімді энергия теңгерімі болады», - деді Сергей Агафонов.

Соңғы жаңалықтар