Қазақстанға 34 халықаралық әуе рейсі келді: Жолаушылардың бәрінде ПТР анықтама бар
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстанға 25 мамырында Германия, БАӘ, Египет, Мальдив Республикасы, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен тәулікте 4 226 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 490 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 769 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 429 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 342 жолаушы;
Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, 192 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.