Қазақстанға 5 тамыз күні келген шетелдіктердің барлығында КВИ анықтамасы бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 05 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Дания, Тәжікістан, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Нидерланды, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте 5 641 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 266 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 400 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 203 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 28 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы.
Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 101 жолаушы.
Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 403 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.