Қазақстанға АҚШ-тың Атлантикалық кеңесінің делегациясы сапармен келеді

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Мамырдың 13-14 күндері Қазақстанға бұрынғы ықпалды сенатор Чак Хейгел бастаған АҚШ-тың Атлантикалық кеңесінің делегациясы сапар жасайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сапар аясында Ч. Хейгел еліміздің басшылығымен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар сапар аясында мамырдың 13-інде Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуропа мен Еуразияға арналған ХХІ ғасырдағы Хельсинкидің қорытынды актісі» атты конференция өтеді. Оған отандық сыртқы саясат ведомствосының, дипломатиялық корпустың өкілдері және Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысады.

«Атлантикалық кеңес АҚШ-тың беделді сараптамалық орталықтарының бірі болып табылады. Осы кеңестің құрамына Збигнев Бжезинский, Колин Пауэлл, Генри Киссинджер, Кондолиза Райс сияқты танымал саяси қайраткерлер кіреді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар