Қазақстанға әлемге әйгілі Майкрософт компаниясының вице-президенті келді

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанға Майкрософт компаниясының жоғарғы менеджмент құрамының аға вице-президенті Орландо Аяла келді.
None
None
Осыған орай бүгін Астанадағы «Рэдиссон» қонақ үйінде баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елімізге жұмыс сапарымен келген Орландо Аяланың айтуынша, бүгін ол ҚР Білім және ғылым министрігінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде бірқатар кездесулер өткізіп, ертең, қаңтардың 27-сі күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен жүздеспек. «Осы кездесулер барысында біз бүгінгі жаһандық дағдарыс жағдайында елдегі операциялық шығындарды азайтып, отандық инновациялық технологияларды оңтайландыру мәселесін, сондай-ақ мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ақпараттық технологиялардың рөлі мен осы саладағы мамандардың біліктілігін көтеру жайын талқылауды жоспарлап отырмыз», - дейді О.Аяла. Айта кетейік, Майкрософт компаниясының жоғарғы менеджмент құрамының аға вице-президенті Орландо Аяланың Қазақстандағы жұмыс сапарының басты мақсаты ? Майкрософт компаниясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, экономиканы тұрақтандыру жолында ақпараттық технологиялардың рөлін арттыру және әлемдік дағдарысқы қарсы бірлескен іс-шараларды қолға алу.
Соңғы жаңалықтар