Қазақстанға арналған алтын iPhone-дар бірінші күні-ақ сатылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бәйтерек бейнеленген алтын iPhone-дардың бірінші партиясы дереу сатылып кетті. Смартфондардың құны 790 мың теңгені құрады. Итальяндық өндірушілер Қазақстанға арнап 97 алтын телефонды шығаруға бел буыпты, деп хабарлады diapason.kz
None
None

Қосымша 97 телефон шығаруы тегін емес. 1997 жылы бой көтерген Бәйтеректің биіктігі 97 метрді құрайды. Телефон корпусында Бейбітшілік және Келісім сарайы көрініс тапты. Сонымен қатар аппарат "Dedicato al Grande Kazakistan da Perla Penna" жазбасымен безендірілген. Смартфонды шығарушылар Kazakistan сөзі өзгеше жазылғанын жазба итальян тілінде жазылған деп түсіндірді. Caviar клиенттері қосымша телефондардың шығуы туралы хабарды қуана қарсы алды. Енді елдің тағы 97 патриоты бұл телефонға қол жеткізе алатын болды. Смартфон әсресе Астананың бизнес-элитасы арасында қызығушылық тудырды.

Caviar қазақстандық клиенттерінің арасында белгілі боксшы Серік Сәпиев, бизнесмендер, саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлері бар, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар