Қазақстанға арналған инсулиннің Өзбекстанда сатылуы туралы мәлімет тексерілуде - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтарына арналған инсулинді Өзбекстанға сату фактісі бойынша прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде тілшілерге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұл мәселеде тиісті ақпаратты алу үшін тиісті сауалды жолдадық. Аталған факті бойынша талдау жүргізілуде. Сондықтан да бұл ақпарат расталса, онда тиісті шаралар қабылданады», - деді Андрей Лукин.

Сонымен қатар ол елімізде дәрі-дәрмектің сатылымына қатысты тақырыпқа тоқталды. null

«Дәрі-дәрмекті сатуға қатысты біршама заң бұзушылықтар кездесуі мүмкін, онымен өкілетті органдар айналысады. Осы орайда талаптарды ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді А. Лукин.null

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та Қазақстан азаматтарына арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар