Қазақстанға ауқымды антициклон төніп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 наурызда Қазақстан аумағы ауқымды антициклонның ықпалында болып, ауа райы ашық болады, республиканың оңтүстік-батысында ғана аздаған жауын-шашын болады, кейбір жерлерде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/-с-қа дейін күшейіп, күндіз ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын күтіледі.