Қазақстанға Әзербайжаннан 3 мың тонна бензин әкелінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Әзербайжаннан үш мың тоннадан астам АИ-92 бензинін жеткізу туралы келісімшартты бекітті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрілігіне сілтемемен Trend.az.

Қазақстанға Әзербайжаннан 3 мың тонна бензин әкелінеді

Бензинді жеткізу туралы келісімшарт қазан айында Lanturno Management S.A халықаралық компаниясымен жасалған болатын. Ол әзербайжан бензинін Ресей территориясы арқылы жеткізеді.

Қазақстан келісім-шарт жасалған мұнай өнімдерінің құнын төледі, алайда 21 қазанда бензинді тиеп, жеткізу жұмыстары әлі жүзеге асырылмады.

Бензин Қазақстан үкіметі "Нарықтағы кейбір мұнай өнімдерін тұрақтандыру туралы мәселелері туралы" қаулысы қабылданғаннан кейін жеткізіледі деп күтілуде.

Осыған дейін Қазақстан АИ-92 маркалы бензинді жеткізу бойынша келіссөздерді Әзербайжан, Түркіменстан, Ресей, Беларусь, Қытай және басқа елдермен жүргізіп жатыр, деп хабарланған болатын.