Қазақстанға азық-түлік емес тауарлардың 50 пайызға дейінгі көлемі импортталады - А.Қазыбаев

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанға жуғыш заттардың  90 пайызы және фармацевтикалық өнімдерің  80 пайызы импортталып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

А.Қазыбаевтың атап көрсеткеніндей, үстіміздегі жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, бүгінде отандық кәсіпорындар ішкі нарықты азық-түлік тауарлармен 90 пайызға дейін қамтамасыз етіп отыр. Яғни олар - нан, сүт, сары май және ет өнімдері.

Ал азық-түлік емес тауарлардың 50 пайызға дейінгі көлемі әлі де импортталады.  Комитет төрағасының айтуынша, импорт өнімдердің үлесін азайту мақсатында қазір бірқатар шаралар қолға алынып жатыр және үстіміздегі жылдың соңына қарай алғашқы нәтижелер болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар