Қазақстанға басқа елдерден полиомиелит вирусының келу қаупі әлі де сақталып отыр - ДСМ

ыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанға басқа елдерден полиомиелит вирусының келу қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада «Bnews.kz» порталында өткен онлайн конференцияда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Қайырбекова айтты.
None
None

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, ағымдағы жылғы тамыздың 20-да Тәжікстанда полиомиелитті жұқтырған 455 оқиға тіркелді. Бұл оқиғаның 20-сы өліммен аяқталды. Ал, Ресейде бұл аурудың 8 оқиғасы тіркелді. Полиомиелиттің қандай ауру екенін халыққа түсіндіруде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айтарлықтай жұмыс жүргізді. Полиомиелит вирусы ұзақ қашықтықтардан өте тез өтеді, ол шекара дегенді білмейді. Бүгінде дүние жүзі бойынша халықтың жүріп-тұруы жоғары екенін ескерсек, басқа елдерден біздің елге полиомиелит вирусының келетін қаупі әлі де сақталып отыр», деді С. Қайрыбекова.

Оның сөзіне қарағанда, полиомиелит вирусының арнайы емі жоқ. Сондықтан да бұл аурудың тек иммунизация арқылы ғана алдын-алуға болады. Мұнда бельгиялық вакцина қолданылады. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Оны бүкіл әлемде қолдануда. Сондықтан оның сапасына қатысты күмән болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар