Қазақстанға бір күнде 3,7 мың авиажолаушы келді
22 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Грекия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 716 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 820 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 240 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 379 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 124 жолаушы келген;
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР-тестілеу туралы анықтамамен келген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте берілгеніне 3 тәулік өтпеген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауы тиіс.