Қазақстанға Босния мен Герцоговинаның Сыртқы істер министрі Свен Алкалай келеді

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Наурыздың 14-і мен 15-і аралығында Қазақстанда ресми сапармен Босния мен Герцоговинаның Сыртқы істер министрі Свен Алкалай болады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты,

Қазақстанға Босния мен Герцоговинаның Сыртқы істер министрі  Свен Алкалай келеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде мәртебелі мейман екіжақты ынтымақтастықтың даму жағдайымен танысу және екі ел арасындағы құқықтық-келісім базасын талқылап кеңейту, сондай-ақ мемлекеттердің халықаралық ұйым аясында бірлесіп қызмет ету мәселелерін талқылау мақсатында Сыртқы істер министрлігі мен өзге де бірқатар мемлекеттік органдардың сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдерімен кездесуі жоспарланған.