Қазақстанға бұзылған картоп әкелген Қырғызстан азаматшасына айыппұл салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанға бұзылған картоп әкелген Қырғызстан азаматшасына 31,7 мың теңге көлемінде айыппұл белгіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға бұзылған картоп әкелген Қырғызстан азаматшасына айыппұл салынды

«Іс Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. «Қырғызстан Республикасының азаматшасы 6 тонна карантиндік талаптарға сай келмейтін картоп өнімін әкелген. Карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысына орай өнім алтын түстес жұмыр құртпен зақымданғаны анықталды», - деді соттағылар.

Соттың қаулысымен әйел әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танылып, одан 20 АЕК-тің 70%-і 31 766 көлемінде, яғни 31 766 теңге айыппұл өндірілді. Тәркіленген өнім жойылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.