Қазақстанға діни білімі мықты, білікті кадрлар қажет

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстанға діни білімі мықты, білікті кадрлар қажет. Бұл пікірді бүгін елордада өткен «Экстремизм мен лаңкестіктің жастар санасына әсері» атты дөңгелек үстел отырысы барысында Астана қалалық дін істері

Қазақстанға діни білімі мықты, білікті кадрлар қажет

департаментінің жетекші маманы Сәкен Есіркепов білдірді.

Экстермизм, лаңкестік тақырыбы тек Қазақстанды ғана емес сонымен қатар бүкіл әлемді толғандырған үлкен мәселеге айналып отыр. Бұның астарында діннің негізгі қағидаларын бұрмалап көрсетіп, жастарды, азаматтарды өздерінің арбауына түсіретін, теріс пиғылды мақсаттарына жұмсайтын топтардың, белгілі бір адамдардың жымысқы әрекеті жатыр», - деді ол.

Оның пайымынша, елімізде бұндай жат пиғылды топтардың көбеюіне 1992 жылы қабылданған заңымыздың кейбір қабиғаларының либералды болуы әсер етті. Соның салдарынан көптеген діни ағымдар мен топтар Қазақстанға кіріп, өзінің қызметін жандандырды. Дегенмен 2011 жылы қабылданған заңымызға сәйкес бұған дейін елімізде тіркелген діни бірлестіктердің, миссионерлік бағыттардың қызметтері тағы бір мәрте қаралып, қайта тіркеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар олардың әдебиеттерін діни сараптамадан өткізу жолға қойылды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанға діни білімі мықты, білікті кадрлар қажет. Бұл мәселе жолға қойылуда. Құдай қалап, бастама іске асса, мешіт имамдарын, шіркеу қызметкерлерін,  университетте діни білім алған азаматтарды шақырып, біліктіліктерін қайта көтеру курстарын өткізуді ойластырып отырмыз», - деді С.Есіркепов.