Қазақстанға есірткі алып өтпек болған ресейлік қолға түсті - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан «Обаған» бақылау-өткізу бекетінің (Қостанай облысы) шекара наряды «Лисаковск-Түмен» бағытымен келе жатқан автокөлікке шекаралық бақылау жасау кезінде Ресей Федерациясының азаматын ұстауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанға есірткі алып өтпек болған ресейлік қолға түсті - ҰҚК

Жасы 45-тер шамасындағы аталған азаматтың заттарын тексеру кезінде оның қолжүгінің ішінен өзіндік иісі бар, полиэтиленді түйіншекке оралған салмағы 70 грамм болатын зат табылды. Алдын ала сараптау ол заттың «марихуана» екендігін көрсетті.

Аталған іске қатысты материалдар Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.