Қазақстанға ет импортының көрсеткіштері ұлғайып отыр

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Украинадан 6,7 млн. долларға 3,7 мың тонна ет пен жаңа сойылған мал етінен жасалған, қатырылған және салқындатылған субөнімдер импорттады. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлемі бойынша 7,5 есе, баға көрсеткіші бойынша 4,4 есеге артық. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің хабарламасында айтылады.

Қазақстанға ет импортының көрсеткіштері ұлғайып отыр

Бұдан бөлек, мәліметтерге қарағанда, Кеден одағы елдерін есепке алмағанда, жалпы, Қазақстан 15,1 млн. доллар болатын (+10,1%) сомаға 7,9 мың тонна (+42,4%) ет импорттап отыр. Қазақстанға ет пен ет өнімдерін жеткізген мемлекеттер қатарында АҚШ, Парагвай, Польша, Бельгия, Аустралия, Аустрия, Аргентина, Болгария, Бразилия, Канада, Қытай, Мексика, Монғолия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Уругвай елдері де бар.