Қазақстанға Голландиядан гүлдердің арасына жасырылған кокаин өткізілмек болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға Голландиядан гүлдердің арасына жасырып бір келі кокаиннің жеткізілуі анықталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ҚМ КБК Контрабандаға қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Ерден Жұма мәлім етті.

Қазақстанға Голландиядан гүлдердің арасына жасырылған кокаин өткізілмек болды

«Қазақстанға кокаинді жеткізудің фактісі анықталды. Біздің қызметкерлер Голландиядан келген гүлдердің арасынан бір келі кокаинді тауып алды. Есірткінің бұл түрі Қазақстанға сирек тасымалданады»,-деді ол.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Республиканың кеден органдары заңсыз айналымнан 47 келіге жуық есірткі затын, соның ішінде 40 келі - героин, 4 келі - гашиш, 1 келі - кокаин тәркіледі.

«Жазғы кезеңнің келуіне және ауыл шаруашылық өнімдердің ірі көлемде өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарын заңсыз әкелумен айналысатын қылмыстық топтардың белсенділігі күшейеді, оған есірткі контрабандасының анықталған ірі партиясы деректері дәлел»,- деді ол.