Қазақстанға халықаралық сауда бойынша кәсіби мамандар қажет - министр Ж.Айтжанова

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзі сауда ұйымына кіргеннен кейін Қазақстанға халықаралық сауда саласындағы кәсіби мамандар қажет болады. Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова осы мәселені көтерді.

Қазақстанға халықаралық сауда бойынша кәсіби мамандар қажет - министр Ж.Айтжанова
Министр атап көрсеткендей, қазірдің өзінде Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында ондай мамандар ауадай қажет. Ал Дүниежүзі сауда ұйымына кіргеннен кейін оларға деген сұраныс екі есе артады. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде халықаралық сауда саласындағы мамандарды даярлау бойынша Назарбаев университетімен тиісті келісім бар. Алайда ол іс жүзінде әлі іске асқан жоқ. «Біз болсақ, өз тарапымыздан барынша көмек беруге даярмыз. Мәселен, экономика министрлігі жанында сауда саясатын дамыту орталығы бар. Соның негізінде сан-алуан білім беру шараларын өткізуге болады», - деді Ж.Айтжанова.