Қазақстанға келген 22 мың ресейліктің 72% қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда 22 мың ресейлік зенетақы жарнасын аударып, жұмыс істеп жүр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ресей азаматтарына тоқталсақ, зейнетақы жарнасы түсіп жатқан адамдарды ғана жұмыс істейді деп санаймыз. Қазір 22 мың ресейлік зенетақы жарнасын аударып жатыр. Соның ішінде биылдың басынан бері 8 мыңға жуығы жұмысқа тұрған», - деді Т. Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 22 мың ресейліктің 72 % қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүр.
«Қалған 16 пайызы өнеркәсіпте болса, 9 пайызы құрылыста және 2 пайызы ауыл шаруашылығында қызмет етіп жүр. Осы орайда олар негізінен клиенттермен жұмыс істейтін менеджер, бухгалтер, сатушы сияқты жұмыстарды таңдаған», - министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 айда 654 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты.