Қазақстанға келген Эмомали Рахмонды Олжас Бектенов күтіп алды

рахмон
Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді.

Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

рахмон
Фото: ҚР Үкіметі

Тәжікстан — 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі.

Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. 

әуежай
Фото: ҚР Үкіметі

ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Соңғы жаңалықтар