Қазақстанға келген ресейлік әнші В.Токарев өз елінің радио диджейлеріне көңілі толмайтынын айтты

АЛМАТЫ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда өткен «Шансон жұлдыздары Қазақстанда» І Халықаралық фестиваліне қатысқан кеңестік, америкалық және ресейлік әнші, сазгер Вилли Токарев өз елінің радио диджейлері қоятын музыкаға көңілі толмайтынын айтып, оларды сынға алды.
None
None

«Жақсы авторлар мен музыка барлық елде жеткілікті. Бірақ оған шөпті де шөңгені араластыруға болмайды. Оның жақсы-жаманын музыканың әртүрлі қалтарыс-қатпарларын жіліктей алатын кәсіби маман ғана айыра алады», - дейді В.Токарев.

Әншінің пікірінше, радиодағы мамандардың көпшілігі музыкадан сауаты аз адамдар. Бәрі араластырылып, талғамсыз беріліп жатқан соң тыңдаушылар мезі болатын жағдай қалыптасып отыр. «Музыкалық туындының тыңдаушысы бір, оның ұлттық, мемлекеттік шекарасы болмайды», - дейді ол.

«Әскерде теңізші болып азаматтық борышымды өтеп жүргенде радио қабылдағыштан Түркия мен Еуропа елдерінің радио толқындарын қабылдап, тыңдайтынбыз. Олар үлкен талғаммен, керемет радио хабарлар жасайтын. Өйткені оларды білімі бар кәсіби мамандар әзірлеп шығарады. Қазір бізде «Мәдениет» арнасынан басқа ешбір станцияда мұндай хабарлар жоқ. Оны ашық айтуға менің құқықым бар. Өйткені кеңестік дәуірдің де, өзге шет елдердің де өнерді насихаттаудағы үлгі болар жақсы дүниелерін көп көрдім», - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар