Қазақстанға көктем қай кезде келеді?
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің электронды суыры елімізде көктемнің ерте шығатынын болжап берді. Бұл туралы дипломатиялық миссияның Facebook әлеуметтік парақшасының бетінде хабарланған.
Арнайы бейнехабарламада суыр көктемнің шығу мерзіміне бірнеше рет дәлме-дәл болжам жасап үлгергенін айтады. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда қыс қысқа болмақ. Электронды кеміргіш қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді. Бұл туралы Лента.ру хабарлады.
2 ақпан күні АҚШ пен Канадада дәстүрлі түрде Суыр күні атап өтіледі. Бұл күні аталған ел тұрғындары Пенсильвания штатының Панксатони қаласын мекен ететін Фил атты суырды ұйқысынан оятуы тиіс. Суырды түрткен кезде ол өз көлеңкесінен сескеніп қалса, қыс тағы алты айға созылады, деген болжам жасалады. Ал егер ол інінен аспай-саспай шығатын болса, бұл көктемнің ерте келетіндігінің белгісі.