Қазақстанға көлікпен бидай импорттауға тыйым салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрінің «ҚР аумағына бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйырығы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға 6 айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Ведомство басшысының бұйрығы 10 сәуірден бастап күшіне енді.

Сондай-ақ кеше елімізден авиакеросин, дизель және мұнай битумын экспорттауға тыйым салынатын Энергетика министрінің бұйрығы күшіне енгенін хабарлаған едік. Бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарағындағы мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу мақсатында енгізілген.


Соңғы жаңалықтар