Қазақстанға көшіп келетіндер аяқ астынан 46% азайды

миграция
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елге келгендер саны — 25,3 мың адам, елден кеткендер — 16 мың болды. Ұлттық статбюро осындай мәлімет таратты. 

Көші-қон сальдосы оң + 9344 адам.

Айта кетейік, көші-қон сальдосы 2011 жылдан бері алғаш рет оң мән көрсетіп отыр.

Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо еліміздің 3 өңірінде қалыптасты: Алматы (38,1 мың адам), Астана (50 мың адам) және Шымкент (3,4 мың адам) қалаларында.

2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 46,8%, кеткендер саны 33,8% азайды.

Негізгі көші-қон алмасу ТМД мемлекеттері арасында жүрген.

ТМД елдерінен келгендердің саны — 21,9 мың адам, сол елдерге тұрақты тұруға кеткендер 12,4 мың адам болды.

Соңғы жаңалықтар