Қазақстанға креативті индустрия не үшін керек

Соңғы жылдары креавтивті индустрия деген ұғым пайда болды. Оның ел экономикасына пайдасы қандай? Бұл туралы толығырақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева түсіндіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаева
Фото: Адлет Беремкулов/МИА "Казинформ"

«Қазіргі уақытта сарапшылар және индустрия өкілдерімен бірге авторлық құқық, зияткерлік меншікті қорғап, креативті индустрия өкілдерін қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қосымша құзыреттер беруді көздейтін креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту жағы талқыланып жатыр», - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, креативті индустрия өкілдерімен бірнеше кездесу өтті. Кездесулерде шығармашылық индустрияны дамыту үшін институтоцианалды инфрақұрылымдар мен мемлекет мүлкін пайдаланудың механизмдерін жасау жайы талқыланған.

«Қазақстан экономикасына креативті индустрияның үлесін ұлғайтуды 2025 жылы 5%-ға, креативті индустрия саласында жұмыспен қамтуды 2025 жылы 4%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 2025 жылға қарай креативті индустрияның үлесін шағын және орта бизнесте 1,5 есе ұлғаяды. Оған қоса, осы уақытқа дейін креативті технологияларды дамыту есебінен 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Ал креативті индустрия өнімдерінің экспорты 200 млн долларға дейін өспек, - деді ведомство басшысы брифингте.

Сондай-ақ, Аида Балаева қазір өңірлерде креативті хаб жасақтау үшін өңірлерде қажетті ақпаратты жинау жүзеге асырылып жатыр.