Қазақстанға құрып кету қаупі бар жануарларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілді

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекiтілді.

Қазақстанға құрып кету қаупі бар жануарларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №705

2012 жылғы 31 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидалары республикалық БАҚ-да жарияланған.