Қазақстанға қысқы Азия ойындары кезінде 10 мың турист келеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның президенті Анатөлі Құлназаров пен «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ-нің төрайымы Рашида Шайкенова ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анатөлі Құлназаровтың айтуынша, меморандум елімізге келетін туристер легін қалыптастыру үшін қысқы Азия ойындарын насихаттауға және бұл бағытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жасалынып отыр. Меморандумға сәйкес Қазақстан туристік қауымдастығы Азия ойындары кезінде Қазақстанға келіп-кететін туроператорлар мен туристерге кеңес беру, халықаралық туристік көрмелерде ойындарды насихаттау, тұрғындар арасында туристік мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Ойындарды ұйымдастыру дирекциясы өз кезегінде қауымдастыққа Қазақстанның туристік саласын дамытуға көмек көрсетеді. «Ойындар кезінде елімізге 10 мың шетелдік қонақ келеді деп күтудеміз. Бұларға ойындар туралы дұрыс насихат, ойындар кезінде оларға түрлі мүмкіндіктер жасау үшін туристік қауымдастықпен арнайы меморандум жасап отырмыз. Бұндай спорттық ірі шаралар экономикаға оң әсерін тигізеді. Бұл жерде туризм саласы өте маңызды рөл атқарады. Осыдан келіп ойындардың туристік саланы дамытуға серпін беретінін байқауға болады», дейді А.Құлназаров.

Өз кезегінде «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ-нің төрайымы Рашида Шайкенова алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстанның 9 жетекші туристік операторын тартуды ұсынды. «Бұл ірі спорттық шара еліміздің туризм саласының дамуына түрткі болады. Мәселен, қазір әр туристен 2 мың долларға жуық қаржы қалады. Осыны есептеп көрсек, ойындардың екі қаланың бюджетіне қанша пайда әкелетінін көруге болады. Сондықтан туристерді тартуға бұл іс-шараның оң әсері тиеді деп ойлаймын», деді Р.Шайкенова.

Соңғы жаңалықтар