Қазақстанға марихуана сатуға келген Қырғызстан азаматы ұсталды

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада елімізде 2 мың 33 қылмыстық әрекет тіркеліп, олардың 1 мың 576-ның ізі суымай ашылды. Сондай-ақ тағы 338 бұрын жасалған қылмыстар әшкереленді. Қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 81 азамат қолға түсіп, 172 қару тәркіленді, Бұл мәліметтермен бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

Қазақстанға марихуана сатуға келген Қырғызстан азаматы ұсталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның деректеріне қарағанда, апта ішінде елде есірткімен байланысты 189 қылмыс тіркеліп, оның 65 фактісі есірткіні саудалаумен байланысты болған. Заңсыз айналымнан 45 килә есірткілік заттар алынды. «Дельта-Алқап» аймақаралық есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысы, Меркі ауданынан 38 жасар Қырғызстан азаматын ұстап, одан 12 килә марихуана алды. «Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, есірткі Қазақстанда сатылу үшін әкелінген. Аталмыш әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал Алматыда жергілікті 59 жасар азамат ұсталып, одан 20 грамм марихуана алынды. Оның пәтерін тексеру барысында 15 килә марихуана табылды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде», деді департамент бастығы.