Қазақстанға Мәскеу мен Новосібірден жаңа әуе рейстері қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Тараз, Көкшетау және Павлодар қалаларына Мәскеу мен Новосібірден тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сітеме жасап.

Қазақстанға Мәскеу мен Новосібірден жаңа әуе рейстері қатынайды

«2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы - «Сибирь» әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу - Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу - Көкшетау бағыттарындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен жүргізіледі», - деп жазды комитет әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Сонымен бірге,  аталған әуе компаниясы 2018 жылдың 30 мамырынан бастап, Новосібір - Павлодар бағытындағы тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл рейстер аптасына екі рет Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен жүргізіледі.