Қазақстанға математика пәнінен 1,5 мың ұстаз қажет

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда республикамызда математика пәні бойынша мұғалімдердің тапшылығы 1,5 мың маманды құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі орта білім беру ошақтарының материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық мәселелерін шешу қажеттігіне тоқталған А.Аршабеков: «Соңғы 2-3 жылдың ішінде 12 жылдық білім беру саласы бойынша 30 мың ұстаз қайта даярлаудан өтті. Осыған қарамастан, әлі күнге дейін бізде математика саласындағы мұғалімдердің тапшылығы 1,5 мың маманды құрап отыр», - деді Н.Аршабеков.

Соңғы жаңалықтар