20:34, 01 Қараша 2023 | GMT +5
Қазақстанға Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан келді
Қазақстанға ресми сапармен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан келді, деп хабарлайды Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виктор Орбанды Астана әуежайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.