16:42, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Қазақстанға Молдово Премьер-Министрі В. Филат сапар жасайды
амырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Маусымның 2-сі күні Қазақстанға Молдова Республикасының Премьер-Министрі Влад Филат сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Молдова Премьер-Министрінің Қазақстан басшылығымен келіссөздерінің барысында саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, өңірлік бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастық және Приднестровье проблемасының бейбіт жолмен реттелуіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы қазақстандық төрағалықтың қосар үлесі талқыланатын болады.