Қазақстанға мұнай өндіру квотасын сақтамады деген айып тағылды

энергетика
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрлігі Қазақстанның ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелеріне берік екенін және коалицияның басқа қатысушыларымен өз әрекеттерін үйлестіретінін растады. 

Мұнай өндіру квоталарын орындамағаны үшін халықаралық зерттеушілер тарапынан айтылған сынға жауап ретінде Қазақстан өтемақы төлеудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірледі. 

– ОПЕК+ келісімі бойынша министрлердің 37-ші отырысының шешімінен кейін Қазақстан егжей-тегжейлі өтемақы жоспарын дайындады. Соған сәйкес бірінші жартыжылдықта 2025 жылдың қыркүйегіне дейін асып кеткен көлемдерді кезең-кезеңімен өтейді. Қазақстан өз міндеттемелерін орындауға және жоспарлы өтемақы жоспары бойынша артық өндірілген өнімнің орнын толтыруға бар күш-жігерін салады. 2024 жылдың маусым айындағы барлық қайталама өндіріс көздерінен толық деректер алынғаннан кейін ОПЕК Хатшылығына жаңартылған өтемақы жоспары ұсынылады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық Bloomberg басылымы Қазақстанды халықаралық ұйым белгілеген квоталарды елемеді деп айыптаған мақала жариялаған болатын. 

Сондай-ақ Қазақстан бұрын қабылданған ерікті міндеттемелерін 2025 жылдың соңына дейін ұзартты.

Соңғы жаңалықтар
telegram