Қазақстанға мұсылман мемлекеттері мен Батыс елдері арасындағы дінаралық, өркениеттік диалогты дамытуға қомақты үлес қосуға зор мүмкіндік беріледі

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның дінаралық татулықты қамтамасыз етудегі тәжірибесі көптеген батыс және шығыс елдерінде зерттелуде.  

Қазақстанға мұсылман мемлекеттері мен Батыс елдері арасындағы дінаралық, өркениеттік  диалогты дамытуға қомақты үлес қосуға зор мүмкіндік беріледі

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі  хатшылығының ІХ отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келесі жылдан бастап Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болатын, сондай-ақ 2011 жылы, біздің еліміз  Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік ететінін еске салып өткен ол, «осындай беделді екі ұйымға қатарынан басшылық ету Қазақстанға мұсылман мемлекеттері мен Батыс елдері арасындағы дінаралық, өркениет пен мәдениетаралық диалогты дамытуға өзінің қомақты үлесін қосуға зор мүмкіндік береді. Діндер арасындағы өзара түсіністік мен үйлесімдік күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болмақ», деді.